Машина жасаушылардың кездесуі

Оқуды жақын арада аяқтап, қолдарына диплом алған жастарды “жұмыста қандай қызмет істеймін” деген сұрақтар мазайлайтыны белгілі. Сондықтан да оқу процесінде теориямен қатар практиканың болуы жөн. Осыны Қазақстан машина жасаушылар Одағы өкілдері жақсы түсініп, болашақ мамандар жұмысқа тез бейімделу мақсатында зауытта кездесулер өткізуде.

Осы орайда Екібастұздағы «Проммашкомплект» ЖШС базасында техникалық колледждің жоғары курс студенттеріне арналған іс-шара өтті.

Жастар болашақ әріптестерінен кеңес алып, өз ісінің шебері  болудың құпия-сырын сұрап,  осы мақсатқа қалай жетуге болатындығын білді.

Нетворкинг екі жаққа да пайдалы болды: оқушыларға жақсы теориялық және практикалық база құру, өндіріске жақсы бейімделуге, ал зауытқа – дайындалған кадрларды алу.

Экскурсия барысында “Проммашкомплект” ЖШС өкілдері студенттерге зауыттың құрылу және даму тарихы, оны жаңғырту, еңбек жағдайлары және зауыттағы тәртіп ережелері туралы айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, іс — шара әлеуметтік серіктес-Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бастамасымен өтті.