Мәжіліс депутаттары Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мейрам Пішембаев, Альберт Рау, Александр Суслов, Айгүл Нұркина, Айзада Құрманова және Анар Жайылғанова Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Облыс орталығына келе салысымен мәжілісмендер №122 балалар бақша-гимназиясына ат басын бұрды. Мұнда цифрландыру аясындағы мектепке дейінгі мекеменің қайта жөндеу жұмыстарымен танысу және педагогикалық ұжыммен кездесу болып өтті. Кездесу қорытындылары бойынша депутаттар балалар бақша-гимназиясының жұмысына оң бағасын берді.

«Парламенттің кезекті сессиясының қорытындылары бойынша біздер тұрғындармен Парламент жұмысымен және де Мемлекет басшысының бастамаларының қалайша жүзеге асырылып жатқандығын жеткізу мақсатында кездесулер өткіземіз. Осы жұмыс аясында біздер №122 гимназияға келдік. Бұл облыс әкімінің грантының арқасында жұмыс істей бастаған өте керемет мекеме. Мұнда балалардың жан-жақты жетілуіне арналған барлық жағдай жасалған», – дейді депутата Анар Жайылғанова.

Осы күні депутаттар бірқатар өндіріс орындарында да болды. Мәжілісмендер «Промресурс-kz» ЖШС Павлодар құбыр арматурасы заводында болып, өндіріс процесімен танысып қайтты. Аталмыш кәсіпорын құбыр арматурасы, құбыр элементтері мен жылу алмасу жабдықтарын кешенді жеткізумен айналысады. Депутат Мейрам Пішембаевпен кездесу барысында завод коммерциялық директоры Владимир Поминчук мемлекеттік қолдау шаралары кеңейетініне үміт білдірді. Мәжілісменнің айтуынша, қазіргі кезде машина жасау өндірісін қолдау жоспары әзірленіп жатқанын ерекше атады.

Сонымен бірге, депутаттар «Эко Пром» ЖШС, «Ритам-Павлодар» ЖШС және «Агромир» ЖШС кәсіпорындарын аралады. Мәжіліс депутаттары мұндағы өнімге оң бағасын берді. М. Пішембаевтың айтуынша «Агромир» ЖШС импортты алмастыру ісіне елеулі үлес қосуда. – Бұл кәсіпорында шығарылатын өнім автомобиль, мұнай-химия, тау-кен өндірістерінде үлкен сұранысқа ие. Шетелдер әкелінетін өнім көлемін азайтатын мұндай заводтар бар екендігі қуантады. Оның үстіне мұнда өндіріс процесінің модернизациясы мен шығарылатын өнімнің санын арттыру көзделуде, – деп атады М. Пішембаев.

Осы күні депутаттар Александр Суслов, Айгүл Нұркина, Айзада Құрманова және Анар Жайылғанова С. Торайғырова атындағы ПМУ-да болып, студенттер мен профессорлық-оқутышылық құрамымен қауышты. Сонымен бірге мәжілісмендер «BB NURA» нефрология мен эфференттік терапиясы медициналық орталығы мен №2 емхананың жұмыстарымен танысты. Бұл мекемелер мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қызмет етіп жатқанын атап өту керек.

Айбек ЖҰМАТОВ.