Инновациялық технологияларды дамыту теміржол жылжымалы құрамын өндіру мен қызмет көрсетуде үлкен рөл атқарады

2021 жылғы 28-29 маусымда “ҚТЖ” ҰК “АҚ және “Теміржол техникасын өндірушілер бірлестігі” коммерциялық емес серіктестігі (“ОПЖТ” НП /«ТТӨБ» КС) ұйымдастырған “Теміржол жылжымалы құрамын өндіру және қызмет көрсету кезіндегі инновациялық технологиялар мен материалдар”атты бірлескен халықаралық конференция өтті.

Оған теміржол техникасын өндіру мен пайдалануға байланысты жетекші қазақстандық және ресейлік компаниялардың 150-ден астам өкілдері қатысты.

ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, Қазақстан машина жасаушылар одағының Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев конференцияны аша отырып: “Теміржол машинасын жасау біздің елдеріміздің экономикасын дамытудың өте маңызды бағыты болып табылады. Екі мемлекеттің кәсіпорындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту интеграцияны жеделдетуге және өндірілетін өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді”,- деп атап өтті.

Сондай-ақ, “ҚТЖ “ҰК” АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов пен “Теміржол техникасын өндірушілер бірлестігі” коммерциялық емес серіктестігі  президенті Валентин Гапанович құттықтау сөз сөйледі. Қанат Әлмағамбетов теміржолдың жылжымалы құрамын өндіру және қызмет көрсету кезінде инновациялық технологияларды дамытудың өзектілігін, сондай-ақ “ОПЖТ” НП /«ТТӨБ» КС -пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Пленарлық отырыс барысында теміржол машинасын жасауды дамытудағы “ҚТЖ “ҰК” АҚ рөлі туралы компанияның бас инженері Батыр Котырев айтып берді.

– Қазақстанда темір жол өнімдерін локализациялау және өндіру деңгейін арттыру шеңберінде компания темір жол жинақтауыштарының негізгі номенклатурасының импортты алмастыру мәселелері бойынша жұмыс жүргізуде. Қосалқы бөлшектерді өндірушілермен кооперацияны күшейту арқылы барынша локолизациялау міндеті қойылды, – деп атап өтті Батыр Котырев.

Конференцияда “ЕвразХолдинг” ТК теміржол өнімдерін техникалық реттеу жөніндегі директорлары/”ОПЖТ” НП вице-президенті Сергей Палкин, “ОМК теміржол дөңгелектері” бизнес-бірлігінің басшысы Алексей Долгов, “ВНИИЖТ” АҚ Бас директорының орынбасары Алексей Сухов және басқалар сөз сөйледі. Спикерлер ҚТЖ-мен бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Конференцияның екінші күні қатысушылар Екібастұз Railways Systems KZ теміржол кластеріне барды. Олар кластерге кіретін бес кәсіпорынның жұмысымен танысты. Бұл – “Проммашкомплект” ЖШС, “R. W. S. Wheelset” ЖШС, “ПРОММАШ.KZ “ЖШС,” R. W. S. BINDING “ЖШС,”R. W. S. Concrete” ЖШС.

Экскурсия барысында теміржолшылар мен машина жасаушылар шығарылатын өнімнің сапасын лайықты бағалады. Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын кластер кәсіпорындары әр түрлі типтегі 200 мыңға жуық темір жол дөңгелектерін, 300 мың темірбетон шпалдарын, 42 мың темір жол осьтерін, 20 мың доңғалақ жұптарын, 850 бағыттауыш арқалықтар жиынтығын, 3 миллион рельсті бекітпелер жиынтығын және 4.5 миллион полимерлі төсемдерді шығара алады.

Жалпы, конференция аясында теміржолшылар, машина жасау саласын әзірлеушілер мен өндірушілер теміржол машинасын жасауды одан әрі тиімді дамыту туралы пікір алмасты. Қатысушылар талқылаған мәселелердің ішінде – теміржол машинасын жасауда инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдану, өмірлік цикл келісімшарты бойынша жол машиналарына қызмет көрсету, өндірісте “жасыл” технологиялар мен цифрлық шешімдерді дамыту бар.

Жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның энергия тиімділігін арттыруға, қажетті сынақтар жүргізуге ерекше назар аударылды. Жаңа және ең заманауи технологиялар бойынша салынған зауыттар темір жолдар мен вагондар үшін қажеттінің бәрін шығаратыны атап өтілді. Бұған қоса бұл бұйымдар  өте берік және пайдалану мерзімі үлкен.

“Қазақстан темір жолы “ҰК”АҚ баспасөз қызметі