«ELECRAMA 2020» халықаралық көрмесі

Үндістанның электр қуаты және электроника өндірушілерінің ассоциациясы (Indian Electrical and Electronics Manufacturers’ Association – IEEMA) 2020 ж. 18-22 қаңтар кезеңінде Нью-Дели қаласындағы Үндістан көрме орталығында «ELECRAMA 2020» халықаралық көрмесін ұйымдастырады. .

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, аталған көрме 110 000 ш.м. жабық және ашық экспозициялық кеңістікте өтіп, оған 60-қа жуық елдердің энергетикалық және электротехникалық секторының 1200-ден астам өкілдері қатысады деп күтілуде.

Қосымша ақпарат пен тіркеу формасын көрменің ресми веб-сайты www.ieema.org-тан алуға болады.

Осы орайда, үнді тарапы Қазақстанның мүдделі мекемелері мен компанияларын «ELECRAMA 2020»-ға қатысуға шақыруда.

Қарастыруды және ү.ж. 10 желтоқсанға дейін ҚР СІМ-не қабылданған шешім туралы хабар беруді сұраймыз.

тел.: +7 (7172) 72 00 39