Байбек Алматыда инновациялық өндірісті іске қосты

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Түркісіб ауданын аралау барысында Алматы көпір конструкциясы зауытында теміржол шпалдарының жаңа өндірісін іске қосуға қатысты.

Кәсіпорын 1,8 миллиард теңгеге инвестицияланды, 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Пойыздарға сағатына 300 километрге дейінгі жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік беретін темір бетон шпал жасау үшін неміс Vollert технологиясы қолданылады.

Өндірістің жобалық қуаты-жылына жарты миллион шпал. Зауыттың бас директоры Шухрад Шардинов хабарлағандай, жаңа шпалды өндірістің артықшылығы өнімді термолажбен өңдеудің нақты режимін бақылауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, автоматтандыру шпалдарды дайындау уақытын екі есеге, ал өндірістік алаңдарды төрт есеге қысқарта отырып, өнімділікті екі есе арттыруға мүмкіндік берді.

“Бүгінгі таңда қалада 1,5 мың өнеркәсіптік кәсіпорын және АМСА саланың флагмандарының бірі болып табылады. Мұнда 500-ден астам адам жұмыс істейді, тұтас еңбек әулеттері қалыптасты. “Нұрлы Жол” бағдарламасы аясында елімізде көлік инфрақұрылымы белсенді дамып келеді, сондықтан кәсіпорын өнімдері өте сұранысқа ие болады. Елбасы айтқандай, барлығы еңбек адамының арқасында жүргізіледі, жұмысшы мамандықтары әрқашан бағаланып отырады”, – деп атап өтті Бауыржан Байбек зауыт ұжымымен бейресми қарым-қатынас барысында.

Айта кету керек, бүгінде мегаполисте отандық кәсіпорындарды қолдау шаралары белсенді түрде жүзеге асырылуда, оның ішінде “Бизнестің жол картасы — 2020” және “Жібек Жолы”қалалық бағдарламасы. Инвестициялық ахуал жақсаруда. Ағымдағы жылдың үш айында шетелдік инвестициялар 21,4 пайызға артып, 111,1 миллиард теңгеге жетті. Алатау ауданының индустриялық аймағында 144 миллиард теңгеге 39 жоба жүзеге асырылуда. Жапон, Гонконг, неміс, қытай және Ресей капиталының қатысуымен бес зауыт ашылды. Олардың ішінде қуаты жылына 550 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар бар қоқыс сұрыптау кешені, үшінші буын электравтобустарын құрастыру зауыты және басқалары бар. Биылғы жылы инвестиция көлемі 36,7 миллиард теңге болатын тағы төрт кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр, оның ішінде Asia Steel Pipe болат құбырларын өндіретін ірі қазақстан-қытай зауыты. Жылына 30 мың авто қуаты бар Hyundai автокөліктерін шығаратын зауыттың құрылысы басталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.