Алматыдағы кездесу

29-31 мамыр аралығында Алматыдағы «Атакент» көрме орталығында «Машина жасау және металл өңдеу 2018» көрмесі өтті. Дәстүрлі түрде көрмеде машина жасау және металл өңдеу саласындағы соңғы жетістіктер таныстырылды.

Көрменің екінші күнінде дәл осы алаңда Қазақстан машина жасаушылар одағы дөңгелек үстел ұйымдастырып, онда Алматы қаласы  мен облысының машина жасау кәсіпорындарының басшыларын жинады.

Бұл кездесуге 38 кәсіпорыннан 55 маман қатысты. Сондай-ақ «Машина жасау және металл өңдеу» көрмесіне қатысқан  Ресей, Чехия, Украинадан келген 5 кәсіпорын да  қатысты.  Қазақстан машина жасаушылар одағының қазіргі мақсаттары мен міндеттері туралы  Басқарма мүшесі П.И. Беклемишев мәлімдеді. Аймақтағы машинажасауды дамыту проблемалары талқыланды және шешімдер ұсынылды. Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген П.И. Беклемишов: «Машина жасау – күрделі, әртараптандырылған индустрия, бүгінгі күні жоғары халықаралық бәсекелестік жағдайында қысқа мерзімде әлемдік деңгейге жету қиын. Бүгінгі таңда Қазақстан машина жасаушылар одағы осы мәселелермен айналысады. Ұйымның  облыстық өкілдері барлық облыс орталықтарында бар дерлік». Осыған байланысты қатысушыларға Қазақстан машина жасаушылар одағының қызметіне кәсіпорындардың қатысуы туралы мәселені қарастыру ұсынылды. Сондай-ақ кездесуде паспортизация мәселесі көтерілді: тапсырма қойылып, машина жасау кәсіпорындарын паспортизациялау бойынша жұмыс басталды, бұл өз кезегінде білікті менеджмент бойынша ұсыныстар әзірлеуге және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.  Жиналған ақпарат негізінде орта мерзімді кезеңде Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленуде. Бағдарлама жобасын 2018 жылдың 20-21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының машина жасаушыларының VI форумына жіберу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, жұмыс кездесуінде патенттеу (зияткерлік меншікті қорғау), деректерді цифрландыру бойынша заманауи шешімдер мəселелері (кəсіпорындарды электрмен жабдықтау), қызметкерлердің біліктілігін арттыру мəселелері талқыланды. Қатысушылар жоғарыда аталған және басқа да мәселелердің бағыт-бағдары айқындады.  Кездесуді қорытындылай келе, Беклемишев П.И. қатысушыларға жемісті еңбегі үшін алғыс айтты және оларды Қазақстан Республикасында машина жасауды дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуге шақырды.