«Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ

«Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ («ААМЖЗ» АҚ) 1941 жылдың 17 қарашасында Алматыға көшіріліп әкелініп, Луганск паровоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылған. 1942 жылдың наурыз айында зауыт өндірістік құрал-жабдықтарын құрастырып, жөндеп, майданға қажетті қорғаныс өнімдерін – бомба, мина және снарядтар шығара бастады.

1946 жылдан зауыт бейбітшілік өнімдеріне қатысты прокат (илеу) жабдықтарын шығаруға кірісті. 1951 жылы 84 түрлі өнімдерге қосымша тегістеу, созу стандарын 1/650, 1/750, 6/350 игерді. Осы жылдан бастап зауыт алғашқы халықаралық нарыққа экспортқа қадам басты.

1982 жылы ААМЖЗ шығаратын өнімдерінің номенклатурасында (атауында) 300-ден артық, әр түрлі машина жасау жабдықтары болып, өнімдер әлемнің 32 елдеріне экспортқа шықты, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Германия және т.б.

 Бүгінде «ААМЖЗ» АҚ Қазақстанда машинажасау жағынан жетекші ірі кәсіпорындар қатарында болып келеді, сапа менеджмент жүйесі ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сай сертификатталып және кездесе қоймайтын ерекше технологиялар мен жоғары деңгейлі мамандарға ие болуда.

Алматы ауыр машина жасау зауыты клиенттердің нақты қажеттілігіне көңіл бөле отырып, өнімдердің жоғары техникалық сипаттамасына үйлесімді, тиімді және нақты шешімдер ұсынады. Өндіріс саласындағы көпжылдық тәжірибе,  мамандардың біліктілігін арттырып, әрбір тапсырыс бойынша бағдарламалар жұмысын тәмамдап ұсынуға: жобалаудан бастап өндіруге дейін және шығарған өнімдердің сервистік қызмет көрсетуіне «ААМЖЗ» АҚ -ы мүмкіндік береді.

«ААМЖЗ» АҚ өзінің номенклатурасына байланысты кең спектрлі жабдықтар дайындап шығарумен қатар, тапсырыс берушілердің сызбасы және техникалық тапсырысы арқылы жабдықтар жасайды.

Байланыс үшін: Алматы қ., Төле би көшесі, 189, +7 /727/  250 04 88