13 шілде – Жалпыұлттық аза тұту күні

13 шілде елімізде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жөніндегі Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қайтыс болған жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Біз Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз!

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де Қазақстанда бір минут үнсіздік жарияланды.

Ақорда резиденциясының алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа да лауазымды тұлғалар коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты.