Қазақстандық машина жасаушылар швейцариялық бизнесмендермен ынтымақтасатын болады

Қазақстан машина жасаушылар одағы “АMMANN”компаниясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжатқа Қазақстан машина жасаушылар одағының Басқарма төрағасы М. Қ. Пішембаев пен Ammann BauAusrüstung AG компаниясынан Шнейдер Х.-К. қол қойды.

Мейрам Пішембаев бірлескен қызметтің негізгі бағыттары Қазақстанның машина жасау саласына инвестициялар тарту бойынша өзара іс-қимылға бағытталғанын атап өтті:

“Бұл тығыз коммерциялық байланыстарды дамытуға негіз болады, екі ел арасындағы инвестициялар мен сауда айналымын арттырады. AMMAN-жол-құрылыс техникасы нарығындағы әлемдік көшбасшы. Бұл Қазақстанның дамып келе жатқан транзиттік әлеуетіне байланысты біз үшін өте маңызды”.

Сондай-ақ, Asea Brown Boveri, Haeusler AG Duggingen, ХОВАЛ сияқты компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.

“Бұл кездесулердің негізгі мақсаты-Қазақстанға инвестиция тарту. Ел ішінде өндірісті ұйымдастыруға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді”, – деп түйіндеді Мейрам Пішембаев.