Қазақстан машина жасаушыларының VII Форумы

2019 жылғы 12-13 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VII Форумы өтеді. Форум тақырыбы: “Машина жасау-Қазақстанды индустрияландыру драйвері!».

Форумға 1000-нан астам делегат, жетекші қазақстандық және шетелдік (әлемнің 30-дан астам елінен) машина жасау кәсіпорындарының басшылары, орталық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, даму институттары, бизнес қауымдастықтар және машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушылары қатысады деп күтілуде.

Форум қатысушыларын міндетті түрде https://smkz.kz/registration/ сайтында электрондық тіркеуден өтуді сұраймыз.

Қосымша ақпарат + 7 (7172) 79-27-95 және info@smkz.kz эл. мекен-жайы бойынша алу мүмкін. Сізді Форумға қатысушылар қатарында көруге үміттенеміз.