Қазақстан машина жасаушылар Одағының үндеуі

Біздің еліміз мен бүкіл әлемдік қауымдастық үшін осы қиын уақытта Қазақстан машина жасаушылар Одағы тыныштық сақтап, шыдамдылық пен төзімділік танытуға шақырады.

Қазақстан машина жасаушылар Одағы еліміздің машина жасаушылары атынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың республикалық қор құру жөніндегі бастамасын қолдайды және коронавирустық инфекциясының таралуына қарсы әрекет ету бойынша өз үлесін қосады.

Бизнес қоғамдастығының басқа өкілдері де қайырымдылық эстафетасын қолдап, біздің мемлекетіміздің игілігі үшін ортақ іске өз үлесін қосады деп үміттенеміз.

Қазір індетке тиімді қарсы тұру және ел экономикасын қолдау үшін біз өз еліміздің азаматтары ретінде де ортақ жауапкершілік танытуымыз керек.

Еліміздің тарихында біз аса күрделі сынақтарды  сәтті еңсердік.

Мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерімен  бұл жолы да осы сыннан өтеміз.

Біз біргеміз!