«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ атқарушы дирекциясы директорының орынбасары
Білімі:
2004 жылы Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетін «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметі:
Еңбек жолын 2002 жылы Маңғыстау мұнай құбыры басқармасында, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалында желілік құбыржолшы қызметінен бастады.
2003 жылы Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының, «Өзен» бас мұнай айдау станциясы, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалында слесарь болып жұмыс істеді.
2004-2005 жылдары – ММҚБ, «Қаламқас» мұнай айдау станциясы, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы тауар операторы.
2005-2006 жылдары – ММҚБ, «Жетібай» мұнай айдау станциясы, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы инженер-механигі.
2006-2007 жылдары – «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ, «Атырау» мұнай айдау станциясының негізгі жабдық операторы.
2007 жылы – «СтарСтрой» АҚ инженер-механигі, «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану департаментінің жетекші маманы.
2007-2008 жылдары – «Қазтрансойл»АҚ Шығыс филиалы, Қарағанды мұнай құбыры басқармасы мұнай құбырларын пайдалану қызметінің инженері.
2008-2010 жылдары – «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының мұнай құбырларын пайдалану бөлімінің диагностика бойынша жетекші инженері, басшы орынбасары.
2010-2014 жылдары – «Қазтрансойл» АҚ Шығыс филиалының бас технологы, бас механигі.
2014 жылы – «СМЭГ» ААҚ құбырлар жөніндегі бас маманы («Лукойл Өзбекстан Оверсиз Компани» ААҚ бас мердігері, Ташкент қ.).
2014-2015 жылдары – «СтарСтрой» АҚ бас инженері.
2015-2017 жылдары – «ВСТ» ЖШС директорының орынбасары.
2017-2018 жылдары – «МenSanK» ЖШС директоры.
2018-2019 жылдары – «Қазтрансойл» АҚ мұнай құбырларын пайдалану қызметінің басшысы, Атырау қ.
2019-2023 жылдары – «Стройр Сервис-ПВ» ЖШС бас инженері, Павлодар қ.
2023 жылдан – «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ салалық сарапшысы.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ атқарушы дирекциясы директорының орынбасары болып тағайындалды.