Сәуірде Астанадағы өнеркәсіптік көрмелер бейінді салалар мамандарын жинайды

26-27 сәуір аралығында Астана қаласында «КӨРМЕ» көрме орталығында бір мезгілде бір алаңда үш өндірістік көрме ұйымдастырылады:

  • «Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау» – Powerexpo Astana
  • «Бұзылмайтын бақылау және Техникалық диагностика» – NDT Kazakhstan
  • «Машина жасау, Білдек жасау және Автоматизация» – MachExpo Kazakhstan

2018 жылғы біріккен экспозицияда қатысушылар энергетика, электротехника, машина жасау, бұзылмайтын бақылау, өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесіндегі объектілерді тексеру әдістері бойынша аспаптарды, жабдықтар мен қызметтерді ұсынады. Өндірістік іс-шараларды бірігіп өткізу түрлі өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін мамандардың барынша көп санын тартуға мүмкіндік береді.  Қазіргі таңда Қазақстан, Корея, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Чехия кәсіпорындарының көрмелерге қатысуы расталды.

Биылғы жылы көрмеде «ИЦ Физприбор» ЖШҚ, Toshulin a.s., TOS KUŘIM – OS a.s., ČKD Blansko – OS a.s., «Искролайн Пром Групп Рус» ЖШҚ, «Аст-Техносервис» ЖШС, Incotex Electronics Group, Vekmar Elektrik, «Узбекхиммаш Зауыт» АҚ, «Cinco Kazakhstan» ЖШС, «TASH» ЖШС, «Трастинвест Астана» ЖШС сияқты компанияларының жабдықтары мен қызметтері алғаш рет көрсетіледі. Жалпы көрмелік экспозиция аясында сонымен қатар Чехиялық ұлттық стенд ұсынылады.

Өткен жыл Қазақстан үшін өнімді болды: ASTANA EXPO 2017 көрмесі қазақстандық энергия нарығында бәсекеге қабілеттілік ортасын құрған катализатор рөлін атқарды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрме «ASTANA EXPO 2017» интеллектуалды кездесулерінің нәтижесі болып табылатын тиісті манифестті анықтаған заманауи энергетика саласындағы мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Осыған байланысты үш өнеркәсіптік іс-шараны өткізу қазақстандық кәсіпорындардың жаңғыртуға, жаңа технологияларды енгізуге және энергияны үнемдейтін ресурстарды пайдалануға дайын екендігін көрсетеді.  Өнеркәсіп индустриясына инвестицияларды ынталандыруға жағдай жасай отырып, бірлескен алаң халықаралық өзара байланыстарды нығайтады.

Көрменің жұмыс күндері ұйымдастырылған іскерлік бағдарлама отандық өндірушілердің алдында тұрған бірқатар өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

26 сәуір Қазақстандық регистр ӨРҰ ЗТБ «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздігі жүйесіндегі бұзылмайтын бақылаулар және техникалық диагностика бойынша халықаралық стандарттарды қолдану» тақырыбы бойынша бұзылмайтын бақылаулар және объектілерді тексеру саласындағы мамандар үшін конференция ұйымдастырады. Конференция аясында КО / ЕАЭК / ҚР Техникалық регламенттерін енгізуді ескерумен техникалық диагностика саласына, өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйелеріне жаңа технологияларды енгізу мәселелері және басқа да өзекті мәселелер талқыланады.

Powerexpo Astana жобасын ресми түрде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;  «Самұрық-Энерго» АҚ;  «KEGOC» АҚ Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниясы;  Қазақстан энергетикалық қауымдастығы – ҚЭҚ;  Қазақстанның Энергоаудиторлар қауымдастығы қолдайды.

NDT Kazakhstan жобасын «Iteca» халықаралық көрме компаниясы Қазақстандық регистр ӨРҰ ЗТБ компаниясымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының белсенді қолдауымен ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі және Қазақстан машина жасаушылар одағы  ЗТБ MachExpo Kazakhstan жобасын ресми түрде қолдайды.

Дереккөзі: powerexpo.kz