Қытай 1,2 шақырым қашықтыққа кванттық телепортацияны жүзеге асырды

Телепортация екі жасанды серік арқылы жүзеге асырылды.

Қытай зерттеушілері Жер мен ғарыш арасындағы 1,2 шақырымнан аса қашықтыққа кванттық телепортацияны іске асырды, EurekAlert! хабарлайды.

Телепортация екі жасанды серік және арасы 1600-ден 2400-ге дейінгі шақырым қашықтықта болған жердегі үш станция арқылы іске асырылды.

Бұл жаңа  ақпарат жіберу тәсілінің тиімділігі кең таралған коммерциялық оптика-волокондық кабелдердің көрсеткіштерінен 17 деңгейге артық.

Тамыз айында Қытайда Мо-цзы атты әлемдегі бірінші кванттық байланыстың жасанды серігі Ганьсу провинциясындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды. «Егер Қытай орбитаға көбірек кванттық байланыс серіктерін жіберетіг болса, шамамен 2030 жылға таман кванттық байланыстың пайда болуын болжауға болады», – деп осы оқиғаға Цзяньвэй түсініктеме берді.

Осыдан бұрын ол серіктің сәтті ұшырылуы жағдайда алғашқы рет жасанды серік пен Жер арасында кванттық байланыс орнайтынын мәлімдеді.

Мақаланың дереккөзі: https://zn.ua